Шымкентте жанармай қымбаттамады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жанармай бағасы өзгермеді. Өңірдің Кәсіпкерлік басқармасы осылай мәлім етті. Басқарма басшыларының айтуынша қалада жанармай бұрынғы бағамен босатылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағаның өспегенін облыстық жанар-жағар май қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров та растап отыр. Оның сөзінше, өңірде бензинге деген тапшылық жоқ. Қажетті көлемді мұнай өңдеу зауыты босатып жатыр. Сондықтан бағаны да көтеруге негіз жоқ. «Мәселен (АИ-91 бензинін-авт.) «Қазмұнайгаз» - 159 теңге, «Sinoil» - 158,  «Helios» - 158 теңгеден сатып жатыр. Кішігірім жанармай бекеттері  - 155 -156 теңгеден босатуда», - деді  Қайыпбек Камбаров.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желілерде Шымкенттегі бензин бағасы 4 теңгеге көтеріліп, АИ-92 маркалы жанармай 162 теңгеден  сатылып жатқаны жөнінде ақпарат тараған еді. 

Соңғы жаңалықтар