Шымкентте жан түршігерлік көлік апатынан ер адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте 16 наурыздан 17-не қараған түні жан түршігерлік көлік апаты болды. Оқиға салдарынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Соққының қатты болғаны сонша, көлік іске алғысыз болып қалған.

Куәгерлер автомобиль қатты жылдамдықпен келе жатып, бұрылыста жүргізуші рульге ие бола алмай қалғанын айтады. Содан соң көлік жарнама тақтасына және бетон қоршауға соғылған.

Жеңіл машина екіге бөлініп қалған да, артынша жана бастаған. Оқиға орнына, полицейлер, жедел жәрдемнің екі бригадасы және өрт сөндірушілер келген. Дәрігерлер жүргізушінің қайтыс болғанын ғана тіркеген.

Көлікте тек жүргізушіден басқа жолаушы болмаған.

Соңғы жаңалықтар