Шымкентте улы жыландардың үйге кіру оқиғасы жиіледі

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жыландар тұрғындардың үйіне кіріп кету оқиғасы көптеп тіркеліп жатыр. Жергілікті құтқарушылардың сөзіне қарағанда, 13 тұрғынның баспанасынан жылан ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бауырымен жорғалаушылар әсіресе қаланың шетіндегі тұрғын үйлерде жиі кездесетін болған. Мәселен құтқару қызметінің «112» нөміріне бір азамат хабарласып, жыланды баспанасынан шығара алмай жатқанын айтыпты. Оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағы ұзындығы 1 метр болатын жыланды ұстап алған.   

Дәл осындай жағдай Қаратау ауданындағы жеке үйлердің бірінде орын алған. Ол жерден құтқарушылар 70 см болатын улы жылан ұстапты. Абырой болғанда ешкімді шағып үлгермеген. 
nullnull null 

Соңғы жаңалықтар