Шымкентте түтінге тұншыққан 86 жастағы қария құтқарылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте түтін басқан пәтерден егде жастағы қария құтқарылды.

Үйі өртене жаздаған егде жастағы әжей 5 жылдан бері төсек тартып жатқан екен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Белгілі болғандай, 16-мөлтек ауданындағы тұрғын үйдің үшінші қабатынан түтін шыққан. Оны көрген көршілер 86 жастағы қарияның тағдырына алаңдаған. Сөйтіп, өрт сөндірушілерді шақырған. Қаланың төтенше жағдайлар қызметіне өрт туралы хабар күндізгі сағат 14.46-да келіп түскен. Оқиға орнына жеке құрамның 3 техникасы мен 16 өрт сөндіруші аттандырылды. Олар құлыптаулы болған пәтерге кіре алмаған. Сол себепті үш иінді сатының көмегімен терезе арқылы енген. Құтқарушылар қою түтін басқан пәтерден қарт әйелді сыртқа шығарып, жедел-жәрдем  қызметкерлеріне тапсырды.  Кейіннен, газ плитаның үстінде ас қалдырылып, түтіннің содан тарағандығы анықталды. 

Соңғы жаңалықтар