Шымкентте Тәуелсіздік күні 558 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігі қарсаңында Шымкент қаласының тұрғындарына тамаша тарту жасалды. Қаладағы «Нұрсәт» шағын ауданында жаңадан салынған 11 тұрғын үйден 558 отбасыға пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының екінші бағыты бойынша салынған тұрғын үйдің көлемі 31,5 мың шаршы метрді құрады. Жаңа пәтерлер Құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтарға берілді. Ал, Әкімшілік-іскерлік орталығында пайдалануға берілген 9 қабатты 48 пәтерлі екі тұрғын үйдегі баспаналардың кілтін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев табыс етті. Аймақ басшысы барша тұрғындарды жаңа қоныспен құттықтады.

null   

«Елімізде тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде мемлекет қолдауының нәтижесінде облысымызда баспанаға қолы жетіп, қоныс тойын тойлап жатқандардың қатары аз емес. Мәселен. Осы жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 83 тұрғын үйдің яғни 5052 пәтердің құрылысы басталған болатын. Бүгін мерекесі қарсаңында осы тұрғын үйлердің 11-і, яғни, 558 пәтер беріліп отыр. Жыл соңына дейін тағы да арендалық 1152 пәтер болатын 16 тұрғын үйдің құрылысын пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Демек, осы айдың өзінде қаншама отбасы қоныс тойын тойламақ. Бұл егеменді еліміздің жемісі деп білемін», - деп айтты Жансейіт Хансейітұлы.

null null null null null null null 

Айта кетейік, ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы облыста 279 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін аталған үйлердің 109-ның яғни 5893 пәтердің құрылысын аяқтап, тапсыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар