Шымкентте прокурордың мас күйінде рулге отырғаны ақыры дәлелденіп, ол жүргізу құқынан айырылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте әкімшілік соты бүгін Жергілікті полиция басшысы мен облыстық прокуратураның аға прокуроры Нұржан Полатовтың арасында дауға айналған істі қарап, нүктесін қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот отырысы кезінде  33 жастағы прокурордың рөлге мас күйде отырғанын дәлелденіп, ол үш жылға көлік жүргізу құқынан айырылды
null

Еске салайық, 6 мамыр күні Шымкенттің жергілікті полиция қызметкерлері облыстық прокуратура қызметкерін ішіп алып, көлік жүргізді деп айыптаған болатын. Тіпті оның рулде болғанын дәлелдейтін бейнежазбаны жария еткен еді. Алайда қадағалау органының өкілі полицейлердің оған қатысты әкімшілік хаттама толтыруын заңсыз деп, сотқа кері шағым түсірді. 19 маусым күні бұл іс Шымкент қалалық әкімшілік сотында қаралып, судья Нұрлан Әлиев прокурорды кінәсіз деп тапқан. Әрі оның шағымын қанағаттандырып, полиция қызметкерлерінің толтырған хаттаманың күшін жойды. Алайда мұндай шешіммен келіспеген қалалық Жергілікті полиция бастығы Данияр Мейрхан облыстық сотқа шағымданды. Бүгін сот полицейлердің әрекетін дұрыс деп тауып, заңды шешім қабылдады.
null

Қазір сондай-ақ облыстық прокуратура аға прокурор Нұржан  Полатовқа қатысты қызметтік тексеру жүргіліп жатқанын хабарлады.  Әзірге сот шешімі күшіне енгенше тексеру шаралары уақытша тоқтатылған. Еліміздің Бас прокуратурасы хабарлағандай, тексеру шараларының қорытындысына сәйкес қадағалау органы өкілінің мәселесі қаралатын болады. Тәртіптік шаралар қолданылып, ол қызметінен кетуі де мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар