Шымкентте нөсер жауыннан көшелер мен аулалар суға толып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте нөсер жауыннан көшелер мен аулалар суға толып кетті. Жаяу жүргіншілер мен көліктер жолдан өте алмай, әбігерге түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бір сағатқа созылған  жауыннан жиналған су арыққа сыймай, көшелер мен аулаларды басты. Қызыл судан көліктер әрең қозғалып, жолдарды айналып өтуге мәжбүр болды. Ақ жаңбыр қозғалысқа да кесірін келтірмей қоймады. Әсіресе, Арғынбеков, Түркістан, Темірлан тас жолы сияқты бірқатар көшелерден су арықтап ақты. Әзірге қанша үйге су кіріп, шығын келгені беймәлім. Десе де, нөсер жауынның салдарын тұрғындар әлеуметтік желілерге салған. 

Ал, синоптиктер болса өңірде таяу күндері нөсер жауын жауып, тасқын болуы мүмкін деп ескертеді. 3-4 сәуірде күн қатты суытып,  аяз болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар