Шымкентте қылмыстық топ кәсіпкерден 7 млн доллар бопсалаған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қылмыстық топ жергілікті кәсіпкерден 7 млн доллар бопсалаған. Өңірдің ІІД Ұйымдасқан қылмыпен күрес басқармасының қызметкерлері топ мүшелерін 3 млн 20 мың доллар алып жатқан жерінен қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Аса ірі көлемде бопсалау қылмысын ашуға кәсіпкердің арызы себеп болған. Ол өз арызында белгісіз біреулердің 7 млн доллар талап етіп жатқанын көрсеткен. Осыдан кейін полиция қызметкерлерімен күдіктілерді ұстау шаралары жүргізілді. Сөйтіп қылмыстық топты аса ірі көлемде ақша алу кезінде қолға түсірген. Олардан айғақты зат ретінде жалған шетелдік ақша алынды. 1962, 1965, 1973 және  1976 жылы туған күдіктілер Алматы және Шымкент қаласының тұрғындары екені анықталды. Еш жерде жұмыс істемейтіндер жұртты қорқытып, ақша тауып жүріпті. Қазіргі таңда аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің «Аса ірі көлемде бопсалау» 194-бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сезіктілердің бірі қамауға алынып, өзге үшеуінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Тәртіп сақшылары енді қылмыстық топтың қомақты ақшаны не себепті бопсалағанын анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар