Шымкентте қоғамдық көлік тарифін көтеруге мораторий жарияланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қоғамдық көлік тарифін көтеруге  байланысты мораторий жарияланды. Бұл туралы қала әкімдігінде қоғамдық көлік бойынша өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушы тасымалдаушы кей бағыттарда қызмет көрсетуге түзілген шарттар жаңартылуда. Ал, шарттары бұзылған алты  бағыт бойынша мамыр айының басында конкурс ұйымдастырылады. Жиын барысында шым шаһардағы №112-ші квартал, «Текесу», «Алтынтөбе», «Ақжайық» «Достық-2», тұрғын  алабтарына жүргізілетін әлеуметтік маңызы бар 10 автобус бағытының тағдыры да мамырда ұйымдастырылатын конкурста шешілетіні айтылды. Басқосуда қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен санитарлық тазалығының талаптарға сай болуын ескертті. Жүргізушілер мен кондукторлардың бірыңғай киімді және қызметтік мәдениетті сақтауын, қозғалыс кестелерінің кешкі уақыттарда орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Шаһар басшысы сондай-ақ жолаушылар тасымалдаушыларға жол жүру ережелерін бұзған және басқа да талаптарды орындамаған жағдайда көлік компанияларымен заңға сәйкес келісімшарттар бұзылатынын атап өтті. Жауапты мамандарға қаладағы интеллектуалды бағдаршамдар санын арттырып, заңсыз ұйымдастырылған такси тұрақтарын жоюды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар