Шымкентте «қара сөмке» елді дүрліктірді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан күдік туғызған сөмке табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, қара сөмке  түнгі сағат 22.00-дер шамасында қаладағы  17-шағын ауданның аулаларының бірінен табылған.  Осы туралы облыстық ІІД-не хабарлама түскен соң оқиға орнынан полицейлер келіп жетті. Сондай-ақ, аулаға  жедел жәрдем қызметі де шақырылды. Тәртіп сақшылары қауіпті аумақтан тұрғындарды шығарып, оны қоршауға алды. 

Әзірге белгілісі, белгісіз біреу облыстық ішкі істер департаментіне хабарласып,  Ерімбетов көшесінің бойына қауіпті сөмке қойылғанын айтқан.  Алайда оқиға орнына келген саперлар сөмкені ашып көргенімен ішінен қауіпті зат таппаған. Осыдан кейін қоршау алынып, тұрғындар өз пәтерлеріне жіберілді. Қазір ішкі істер департаментіне кімнің хабарласқаны анықталып жатыр.  

Соңғы жаңалықтар