Шымкентте ерлік көрсеткен полицейге пәтер кілті табыс етілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ішкі істер органдарының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Онда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ел қорғандарын төл мерекесімен құттықтап, бірқатар полиция қызметкерлері марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null

Бұл күні өзінің қызметтік міндетін атқару кезінде опат болған полицейлердің әрқайсысының есімі еске алынды. Марқұмдардың туыстарына сыйлықтар тапсырылды. Ал, 2009 жылы бейбіт тұрғынды қаскөйдің оғынан аман алып қалған полицей Тұрар Артықбаевқа пәтер кілті табыс етілді. Ол кеудесін оққа тосып, қызмет жолында нағыз батырға тән қадам жасаған болатын. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев құқық және заңды қорғаудағы әр полиция қызметкерінің еңбегін атап өтті. Жыл басынан бері тіркелген құқық бұзушылық санының төмендегенін айтты. Осы тұста қалада болып жатқан қылмыстың ашылуы арта түскенін жеткізді. Шаһардағы полицейлерге көрсеткен қолдауы үшін Шымкент әкімдігіне алғыс айтты. Мәселен,  2014 жылы қала аумағында полицияның бар болғаны 29 учаскелік пункті болса, қазір олардың саны - 68. Яғни, жаңа 39 учаскелік пункт бюджет қаржысына салынған. Сол сияқты,  2015 жылы жол полицейлерінің қызметінде бар болғаны 5 эвакуатор болса, 2016 жылы мемлекеттік бюджеттен тағы 5 эвакуатор мен 30 Киа Серато көлігін сатып алуға қаржы бөлінді. Бюджеттен бөлінген қаржыға тағы 237 бейнекамера орнатылды. 2014 жылы қаланың ең ірі көше қиылыстарында 11 интеллектуалды бейне-бақылау камерасы орнатылды. 2016 жылы 10 қиылысқа осында 115 қондырғы орнатылған. Соның нәтижесінде 2017 жылдың 5 айында жол-көлік оқиғасының саны 50,4%-ға кеміді. Жол апатында қаза тапқандар саны азайып, жарақат алғандар саны 46 пайызға азайды. 

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар