Шымкентте бүгін дабыл соғылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте бүгін таңертең дабыл соғылды. Өңірдің төтенше жағдайлар қызметкерлері осылайша Шымкентте «Қоныс - 2017» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауқымды шара табиғи жойқын күші бар төтенше жағдайлар кезінде ірі қаланың халқын эвакуациялауға басқару органдарын және азаматтық қорғау күштерін дайындау және Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жаттығу аясында мамандар дабыл соғу арқылы байланыс және құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеріп алды. Халықты табиғи жойқын күші бар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға, оның ішінде эвакуациялық іс-шараларды өткізу тәртібіне оқыту мен түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жалпы жаттығуға жергілікті атқарушы органдар мен қаланың азаматтық қорғау қызметі, білім беру мен денсаулық сақтау нысандары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысуда.

Оқу-жаттығу аясында түс ауа бірқатар практикалық іс-шаралар атқарылады деп жоспарланған. Атап айтқанда Нұрсәт мөлтек ауданында жоғарғы қабатты тұрғын үйлерден эвакуациялау жұмыстары жүргізіледі. Қаладағы №58 мектепте жиналу-эвакуациялау пунктінің жұмысы көрсетіледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар