Шымкентте бір жылда 4 мыңнан астам отбасы баспаналы болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте өткен жылы 4 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 402 мың шаршы метрді құрап, 36 пайызға өскенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары алдында есеп берген шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев «Өңірлерді дамыту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
null 

«Аталған бағдарлама аясында 21 көпқабатты үйге жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жеті үйге сейсмикалық күшейту жұмыстары атқарылып, демеушілердің есебінен 33 көпқабатты ғимараттың қасбеті жөнделді»,-деді қала әкімі.
null 

Жиында сонымен қатар қала көшелерін жарықтандыру мәселесі де сөз болды. Тұрғындар жаңадан салынған шағынаудандарда түн жарымда жүру қиындығын айтып, әсіресе мектеп жасындағы балалар сабақтан қайтқанда уайымдайтынын алға тартты. Бұл мәселеге орай әкім көшелер кезең-кезеңімен жарықтандырылады деп уәде етті.

«Ағымдағы  жылы қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жалғасады. 23 көшеге, яғни бұрын ешқандай шам орнатылмаған көшелерге жарықтандыру жүйесі тартылады. Төрт көшеде қайта құру жұмыстары жүргізіліп, шет аймақтардағы 43 көшеге жарықшам орнатуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде»,- деді Нұрлан Сауранбаев.
null 

Соңғы жаңалықтар