Шымкентте банктен ұрланған қаржының сомасы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте қарақшы банктен 16 000 000 теңге, 23 000 АҚШ доллары мен 8 500 Ресей рублін қолды еткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 қазан күні 19.40-та Шымкент қаласындағы банктердің бірінде «дабыл түймешесі» қағылды. Арада бірнеше минут өткен соң Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби ПБ-нің жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп жетті. Банк қызметкерінің сөзіне қарағанда, ғимаратқа бетіне бетперде киген белгісіз біреу еденге «жарылғыш пакет» тастап, түтін шығарып, балтамен қорқытып, ақша беруін талап еткен», - деп хабарлады ІІД.

Белгісіз азамат кассадан 16 млн теңге, 23 мың АҚШ доллары және 8 500 рубльді алып кеткен. Осы кезде қызметкерлердің бірі «дабыл түймешесін» басқан, алайда күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. 

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлімі «Аса ірі көлемдегі қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер күдікті азаматты анықтау және оны ұстау бойынша шараларды жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар