Шымкентте банк тонаушы жалдап тұрған үйдің иесі жазаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО ІІД Көші-қон полициясының қызметкерлері банкке қарақшылық шабуыл жасаған жігіт жалдап тұрған пәтердің иесіне айыппұл салды, деп хабарлайды Отырар.кз.

Ер адам ұрлаған ақшасын пәтерде сақтамаған, басқа банкке апарып салған. Ұсталған кезде одан 400 мың теңге табылған. Қалғаны банкте болғаны анықталған.

Ол 1961 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынының пәтерін бір жылдай жалдап тұрған. Әйел адамға ҚР ӘК 492-бабы бойынша (ҚР аумағында жеке куәліксіз тұру) 5АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, ер адам 13 қазан күні Каспий банктің Шымкент қаласындағы бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған.

Қылмыс барысы бақылау камерасының нысанасына іліккен . Басқыншы банк ғимаратының негізгі кіре беріс есігінен еркін кірген.  Бетін мата бетпердемен тұмшалап алған ол «жарылғыш пакетке» ұқсас затты еденге лақтырып, аталған зат түтіндей бастаған кезде банк қызметкерлерін балтамен қорқытып, ұлттық және шетелдік валютадағы көлемді қаражатты алған. Осыдан кейін ол қылмыс орнынан бой тасалаған.

Бұған дейін ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлағандай , күдіктінің тұрғылықты мекен жайынан ұрланған ақшаның біраз бөлігі, сөмке, қолғап және жасалған қылмысқа оның қатысы бар екендігін дәлелдейтін өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Осы іске қатысты тергеу жалғасуда.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Қарақшылық» 192 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық өндіріс ашылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында жасалған қылмыстың барлық мән-жайы анықталып, күдіктінің басқа да орын алған қылмыстарға қатыстылығы туралы мәліметтер тексерілуде. 

Соңғы жаңалықтар