Шымкентте азаматтардың 300 миллион теңгесін алдап алған алаяқ ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте азаматтардың 300 миллион теңгесін алдап  алған алаяқ ұсталды. 46 жастағы Сағын Сейтжан тендер алып беремін деген желеумен жәбірленушілердің ақшаларын алып кетіп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес алаяққа бұған дейін де іздеу жарияланған екен. Оны Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірді. Ол 5 алаяқтық әрекетке қатысы бар болғаны үшін істі болып, «кепілде» жүрген. Алайда, соттың шешімін күтпей, белгісіз бағытқа ізін суытқан. Арада жарты жыл өткенде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні өз үйінде ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында анықталғаны 46 жастағы сезікті 2015 жылы 32 жастағы Шымкент қаласының тұрғынының сеніміне кіріп, тендер алуға көмектеспекші болған. Сөйтіп, ол оның 120 миллион теңгеден астам ақшасын алып ізін суытқан. Осылайша алаяқ жәбірленушілерге бас-аяғы 300 миллион теңгеге жуық шығын келтіргені анықталып отыр. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-шы бабы, «Алаяқтық» әрекеті бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.

null

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті 1971 жылы туған Сағын Сейітжанның әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар