Шымкентте ауа райына байланысты бірнеше әуе рейстері тоқтатылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан бірнеше әуе рейстер» тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Скат» әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, кешеден бері бес бағыт бойынша жолаушылар тасымалданбай жатыр.

Әуе компаниясы өкілінің сөзінше, қатты тұман мен қар әуедегі қозғалысқа кедергі болуда. Соның салдарынан ұшақтар әлі де ұшпай тұр.

«Ауа райының қолайсыздығынан Шымкент -Алматы, Алматы-Шымкент, Шымкент-Астана, Астана-Шымкент және Алматы - Сиань бағыттары бойынша рейстер тоқтап тұр. Ол бағыттар бойынша барлық жолаушыларға әуежайларда ыстық тамақ пен барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Әуе компаниясының басшылығы барлық жолаушылардан кешірім сұрай отырып, жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды. Себебі, әуе компаниясы ауа райына әсер ете алмайды» делінген хабарламада.

Өз кезегінде әуе рейстерінің тоқтап тұрғанын жолаушылар да әлеуметтік желілерге жазуда. Дегенмен бүгін тұман біршама сейіліп, ауа райы қалпына келе бастады.

Соңғы жаңалықтар