Шымкентте алаяқ 70-ке жуық телефон ұрлап кеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Бір тұрғын орталық көшелерде «Дай позвонить» деп ұялы телефонын сұрап алып, 70-ке тарта телефонды ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Абай аудандық прокуратурасының мәліметінше, күдікті  алаяқтық әрекетін белгілі бір жүйемен жасаған. Алдымен облыс орталығындағы қоғамдық орындарда өзі танымайтын азаматтарды сырттай бақылап, оны зерттеп алады. Кейіннен, қымбат бағалы ұялы телефондары бар адамдарды іздеп тауып, олармен әңгімелескен. Яғни, өзінің ұялы телефонының бірлігі таусылғанын, оған жеке басының әртүрлі проблемалары шығуына байланысты шұғыл түрде біреумен сөйлесу керек екендігін айтып түсіндіріпті. Кейіннен теріс қарап, ұялы телефонмен сөйлескендей болады. Ал, жәбірленуші байқамай тұрғанда, телефондарын жымқырып келіпті.

«Тергеу барысында «Н» есімді күдіктінің 2016 - 2017 жылдар аралығында осындай тәсілмен 70-ке жуық адамның ұялы телефондарын жымқырғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодекстің  «Алаяқтық» және «Тонау» баптарымен іс қозғалды.  Абай ауданы сотының қаулысымен күдіктіге 2 ай мерзімде «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды»,-дейді Абай ауданының прокуроры Сұлтан Орманов.

Полицейлер сондай-ақ телефон тонаушының өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар