Шымкентте 7 адамның иістен уланып қайтыс болуына байланысты әкімдікте жедел кеңес өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте үш тәулікте 7 адам иістен уланып қайтыс болды. Марқұмдардың төртеуі кәмелет жасына толмаған жеткіншектер еді. Осыған орай бүгін қалалық әкімдікте тұрғындардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте тұрғындармен профилактикалық іс-шаралар жүргізуден бастап, үй жағдайындағы қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалау мәселелері талқыланды. Соңғы үш тәулік ішінде 7 адамның газдан улануына байланысты жауапты басшыларға оқыс оқиғалардың әрбіріне жіті тексеру ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ кеңес барысында бірқатар шешімдер қабылданды.

null 

Біріншіден, аудандық әкімдік, ТЖ, полиция мен газ жүйесінің мамандарынан арнайы мобильді топ құрылатын болды. Топ құрамына профилактикалық іс-шаралар жүргізуге үй және көше тексерушілері жұмылдырылмақшы. Олар арнайы құрылған комиссиямен бірге жүріп, әрбір мекенжайды тексеріп шығады. Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанына дейін қаладағы әрбір үйге, пәтерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар, мұржалары мен газ құбырларын тексереді деп жоспарланған.

null 

Екіншіден, барлық мектепте көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу және оны болдырмау жөнінде сабақтар ұйымдастырылады. Үшіншіден, қалада тұрғындардан техникалық қызмет көрсетуге ақша жинап, алайда қызметіне немқұрайлы қарайтын газ жүйесі бойынша қызмет көрсетуші компаниялардың басшыларымен жиналыс өткізіледі деп күтілуде.

null 

Маңызды кеңесте сондай-ақ, газ дабылдарын орнату мәселесі де көтерілді. Бұл мәселелер бойынша келесі кездесу 22 желтоқсанда өтетін болып келісілді. Ал, әкімшілік пен газ жүйесінің қызметкерлері тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

null 

«Үйіңіздегі газ құбырын, мұржаның бітелмеуін тексеріңіздер. Мұржа жоқ болса, арнайы мамандар шақырыңыздар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін қарапайым ережелерді сақтаңыздар» делінген әкімдіктің ескертпесінде.

null null 

Соңғы жаңалықтар