Шымкентте 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында жаңа мектеп пайдалануға берілді. 1200 балаға лайықталған ғимарат заман талабына сай жабдықталған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ашылып отырған білім ордасында оқушыларға арналған 61 оқу бөлмесі мен жаңа үлгідегі биология, физика, химия, информатика, мультимедиялы-лингофонды кабинеттер бар. Сондай-ақ жаңа білім ошағында кітапхана, асхана, акт, спорт залдары мен спорт алаңы, қыздарға және ұлдарға арналған шеберханалар қарастырылған.
null 

 «Халық игілігі үшін жаңа мектеп ғимаратының ашылуы мерейтойымызға арналған үлкен тарту деп санаймын. Бүгін біз Тәуелсіз еліміздің ертеңі, жарқын болашағымыздың сенімді тірегі болатын балаларымызға үлкен қуаныш сыйлап отырмыз. Біз, Мәңгілік елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа ала отырып, өскелең ұрпақтың жаһандану дәуіріне сай жан-жақты жетілген, толыққанды азамат болып өсуіне, еліміздің рухани жаңғыруына өз үлесімізді қосуымыз қажет», -деді №130 жалпы орта мектебінің ашылу салтанатына қатысқан ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев.
null 

Айта кетейік, облыс  бойынша білім беру саласында осы жылы 82 нысанның құрылысы жүргізіліп, оған 29,8 млрд  теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Олардың арасында  32 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Ал бүгінгі күнге дейін өңірде 28 мектеп ашылған болса, жыл соңына дейін қалған білім ошақтары ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған 50 нысан келер жылдың еншісінде. 
null 

Соңғы жаңалықтар