Шымкент мұнай өңдеу зауытында тұтанған өрттен бір адам қаза тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мұнай өңдеу зауытында болған өрт салдарынан бір жұмысшы қаза тапты. Қазір өрт сөндірушілер резервуарлардағы жалынды ауыздықтап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сәйкес, өрт бүгін таңғы сағат 07.51-де басталған.  Тілсіз жау «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ-ға қарасты қоймалардың ішіндегі резервуардан шыққан. Оның  сыйымдылығы 3 мың текше метр және ол АИ-92 маркалы бензинге толы болған. Жанында 9 резервуар тұр. Оның 5-еуі бос болса, қалған төртеуі - толы. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде ер адамның мәйітін тапқан. Ол 1971 жылы туған  Лесбаев Төрехан Әлімханұлы екені анықталды. Ол «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ-да оператор болып жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, өрт шыққан кезде ол жанында болуы мүмкін.

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметтері мен сарапшылар тобы жұмыс істеуде. Жалын өшірілгеннен кейін, қайта тұтануда, толық ауыздықталған жоқ.

Айта кетейік, қоймаға жақын маңда елді мекендер бар. Мәселен, Жұлдыз елді мекені - 400 метр, Қарабастау елді мекені 200 метр қашықтықта орналасқан. Шымкент мұнай өңдеу зауыты олардан 700-800 метр қашықтықта тұр. 

null nullnull 

Соңғы жаңалықтар