Шымкент МӨЗ-дің қайта іске қосылатын уақыты айтылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкенттің мұнай өңдеу зауыты мамыр айының орта тұсында қайта іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметіне сілтемемен. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі бұған дейін 45 күнге созылған. Ал биылғы жылы бұл мерзім едәуір қысқартылып отыр. Себебі, жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталып қойған.

Айта кетейік, зауыттың технологиялық қондырғыларына жоспарлы алдын алу-жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен алдын ала келісілген болатын. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға, жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін және де кәсіпорынның сапалы әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Зауытты жаңғырту жұмыстары барысында RFCC каталитикалық крекинг кешенінің жаңа нысандары мен шымкенттік МӨЗ-дің қолданыстағы нысандарын интеграциялау бойынша іс-шаралар атқарылуда. 

Еске салайық,  Шымкенттің мұнай өңдеу зауыты 10 сәуір күні жұмысын тоқтатқан болатын. Зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңі 2017 жылы аяқталды. Ал, екінші кезеңін ағымдағы  жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар