Шымкент қаласының әкімі мұнай базасындағы өртті сөндірген азаматтарға алғыс айтты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі мұнай базасындағы өртті сөндіруге көмектескен азаматтарға алғыс жариялады. Ғабидолла Әбдірахымов барлық қызметкерлердің жұмыла әрекет етудің арқасында қайғылы жағдайлардың алдын алғандығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«ОҚО-ның ТЖД барлық құрамына және Шымкент қалалық ТЖ басқармасының жеке құрамына мұнай базасындағы резервуардан шыққан өртті сөндірудегі шұғыл әрі нақты әрекеттері үшін алғыс білдіремін. Өрт сөндіруде жұмыла әрекет еткен және штабты дұрыс ұйымдастырған Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы, азаматтық қорғаныс ісінің полковнигі Дербисов Нұрболат Бекболатұлы және Шымкент қалалық төтенше жағдай басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс ісінің подполковнигі Жақсыбаев Мадияр Есенгелдіұлының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Шымкенттің барлық коммуналды қызметіне арнайы алғыс айтамын. Тек сіздердің жұмыла әрекет етулеріңіздің нәтижесінде ғана қайғылы жағдайдың салдары орын алмады. Сіздер өртті күрделі жағдайда сөндірдіңіздер - екпіні қатты желден қызыл жалын кез келген сәтте сол маңдағы басқа резервуарларға өтіп кетуі мүмкін еді. Сіздерге Шымкенттің барша тұрғындары атынан алғыс айтамын»,-деді шаһар басшысы

Еске салайық, кеше таңғы 7.51 шамасында «Шымкент мұнай өнімдері» АҚ-ның қоймасынан өрт шығып, бір жұмысшы қаза тапқан еді. Марқұм болған 46 жастағы азамат осы қоймада оператор болып жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар