Шымкент дәрігерлері көпірден секірген жігіттің өмірін аман алып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жас жігіт көпірден секіріп, өмірімен қоштаспақ болды. Оқиға орнына жеткен қызметі оны ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, 22 жастағы жігіт Ордабасы алаңындағы көпірден секірген. Оның жанында ешкім болмаған. Қазір түрлі дене жарақатын алған тұрғын Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдауда. Дәрігерлер науқастың жағдайын «ауыр» деп бағалауда.

«Бізге келіп түскен науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінен бүгін бөлімшеге ауыстырылды. Негізінен іш қуысы мен кеудесіне жарақат алған. Кеудесімен құлаған, бірақ қабырғалары сынбаған. Есін біледі, сөйлеп жатыр. Ота жасалды, бірақ жүріп-тұра алмайды», - деді дәрігер-хирург Абзал Жаппарбергенов.

Ал өңірдің ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың сөзінше, осы оқиға бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне 1995 жылы туған жігіттің көпірден құлағаны туралы хабар түсті. Аталған полиция бөлімі осы жәйтке байланысты Қылмыстық Кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша іс қозғады. Жігіттің туған-туыстары анықталып, жауап алынды. Анасының айтуынша, ұлы соңғы екі жылдан бері жүйке ауруына шалдыққан екен. Көпірден секіретіндігін жиі айтып келген. Қалай болғанда да, полиция қызметкерлері тергеу шараларын жүргізуде. Анық-қанығы кейін белгілі болады», - деп атап өтті Салтанат Қаракөзова.

 

Соңғы жаңалықтар