«Шығысэнерготрейд» 1 мамырдан бастап тарифті көтергісі келеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Шығысэнерготрейд» компаниясы ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне 2017 жылғы 1 мамырдан бастап тарифті көтеруге өтінім берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Өңірдің екі ірі қаласында өтінім берушілер халық алдында тарифті көтеруге құқықты талап ететін қоғамдық жария тыңдау өтеді. Семейде 11 сәуірге, Өскеменде 12 сәуірге белгіленген. Департаменттің ақпаратына сәйкес энерготрейдер орташа тарифті 3,9 пайызға көтеретінін айтты.

Энергокомпания хабарлағандай, жария тыңдау рәсімі мен соңғы орташа тарифті бекіткеннен кейін компания электр энергиясының құнын санат бойынша бөледі. Бүгінде тұтыну көлемдері бойынша, тәулік аймақтары бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін әртараптандырылған тарифтер және орташа өткізу тарифі әрекет етеді. Мысалы, халық үшін «тәулік аймағы» тарифі бойынша электрдің сағатына /1 кВт таңғы 7-ден 23-ке дейін 13, 190 теңге (ҚҚС-мен), ал «түнгі киловатт» - 5, 947 теңге. Заңды тұлғалар үшін тариф үш тәулік аймағына бөлінген - түнгі, күндізгі, кешкі - 5, 947 теңге, 13, 677 теңге және тиісінше 30, 585 теңге.

Орташа өткізу тарифі екі санат - заңды тұлғалар мен ПИК, саяжай кооперативтеріне қолданылады. Алғашқысы үшін 1 киловатт 13,677 теңге, саяжай қоғамдастықтары мен ПИК үшін 11,088 теңге. Газ және электр плиталарымен айқындалған жеке тұлғалар үшін «Тұтыну көлемі бойынша» тариф барынша бытыраңқы. Онда жеңілдікпен тұтыну лимитімен тағы үш деңгейге бөлінген.

Мысалы, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер мен ҰОС ардагерлері үшін 120 киловатт тұтыну 8, 844 теңгеден болса, ал лимиттен жоғары (120-дан 165-ке дейін) - 13,306 теңге, 165 киловаттан жоғары 16,632 теңге.

Соңғы жаңалықтар