Шығыс Қазақстандағы тікұшақ апатына байланысты арнайы тергеу комиссиясы құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында болған тікұшақ апатына байланысты министрлік деңгейінде арнайы тергеу комиссиясы құрылды. 

Ертең, ақпанның 27-сі күні аталған комиссия оқиға орнына аттанады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетейік, кеше жеке адамға тиесілі С-341 тікұшағының ұшқышы байланысқа шықпай қалды. Оны іздеуге бүгін таңертең облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы ұшып шыққан болатын.  ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды. Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД жеке құрамынан және аудандық ІІБ 29 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Жергілікті атқару органынан 10 адам және 5 техника шықты.

Апат болған жерді бүгін Алматы облысынан іздеуге аттандырылған жеке компанияның МИ-2 тікұшағын тапты.  «Қазаэронавигацияның» мәліметінше, жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 км жерден табылды. Олардың хабарлауынша,  ұшқыш қаза тапқан. Бір жолаушы аман қалған, оны Айғыз ауылына жеткізді. Ал борттағы үшінші адам туралы ақпарат нақтылануда.

Соңғы жаңалықтар