Шығыс Қазақстанда туристік аймақтардағы жолдар жөнделеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында туристік база аумағындағы жолдарды белсенді түрде жөндеуден өткізіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап. 

Олардың ішінде Алакөл, Марқакөл, Сибин көліне алып баратын жолдар бар. Биыл облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға 5,7 млрд теңге бөлінетін болады. Оның 231 млн теңгесі қайта құруға, 3,8 млрд теңгесі орташа жөндеуге және 1,7 млрд теңгесі жолды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Биыл Алакөлге баратын жол жөнделеді. Марқакөлге баратын «Теректі-Урунхайка-Тоскайы» жолдары қайта құрылады. Бұдан бөлек, Алтай Альпісі демалыс орнына, Абай ауданындағы Жидебай шатқалына алып баратын жолдар жөндеуден өтті. Орташа есеппен 122 шақырым жол, соның ішінде облыстық маңызы бар 112 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Соңғы жаңалықтар