Швейцарияда ұшақ апатқа ұшырап, адамдар құрбан болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Piper Warrior II HB PTL жеңіл моторлы ұшағы Швейцарияның таулы ауданындағы жаттығу алаңында апатқа ұшырады. Бұл туралы Swissinfo сайтына сілтеме жасап korrespondent.net хабарлады.

Жерге құлаған ұшақтан бірден өрт шыққан. Бортта барлығы үш адам болған, олардың үшеуі де қайтыс болды.

Әзірге оқиғаның себеп-салдары белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар