Швейцарияда унитазға ағызылған қыруар еуро кәріз жүйесін бітеп тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық прокурорлар Женевада ондаған мың еуроның унитазға қасақана ағызылып, кәріз құбырларын бітеп тастауына қатысты оқиғаны тергеуді бастады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. 

500 еуролық банкноталар Женевадағы UBS банкінің филиалында және оған жақын маңдағы мейрамханалардың әжетханаларынан табылған.

Көп бөлігі қайшымен қиып тасталған валюталар осыдан бірнеше ай бұрын табылған, бірақ бұл жайлы енді ғана белгілі болып отыр. Оқиғадан кейін құбырларды тазалауға тағы да мыңдаған швейцар франкі жұмсалған.

Еуроодақ билігі заңсыз операцияларға пайдаланылатындықтан таяу арада 500 еуролық банкноталарды айналымнан шығаруды жоспарлап отыр. Олар 2018 жылға қарай толығымен алып тасталады. Швейцарияда ақша белгілерін жою және бүлдіру қылмыс болып табылмайды, бірақ жергілікті прокуратура олжаның қайдан келгенін тексеру үшін тергеу амалдарын жүргізбек.

«Біз бұл банкноталардың шығуын, сондай-ақ осы іске қатысы болуы мүмкін қылмыстық іздерді анықтаймыз», - дейді Женева прокуратурасының өкілі Винсен Деруан.

Соңғы жаңалықтар