Швецияда жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның Мальме қаласының полиция бөлімшесі маңында қатты жарылыс болды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Sydsvenskan басылымына сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпарат жергілікті уақытпен  сағат 23:00-де түскен. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс қатты болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бүлінген автомобильдер туралы мәлімет бар, бірақ әзірге нақты саны айтылмайды. Жарылыс аумағы қоршауға алынып, оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.

Оқиғадан кейін полиция күдікті адамды қолға түсірді. Оның қазір жарылысқа қаншалықты қатысы бар екендігі анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар