Шоқан Уәлиханов пен Мағжан Жұмабаевтың жеке заттары көрмеге қойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында аудандық мемлекеттік музейлердің қорынан жиналған экспонаттардан «Тарихи мұраны сақтай отырып» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Көрмеге экспонаттарын 8 аудан қойған. Мемориалдық музейлер танымал солтүстікқазақстандық азаматтардың өмірі мен қызметі туралы материалдарды алып келген. Ғарышкер Александр Викторенконың киімі, Ғабит Мүсіреповтың көзілдірігі, Шуховтың жазу құралдары музейге қойылған заттардың тек бір парасы ғана.

Экспозицияда Мағжан Жұмабаев пен оның отбасының жеке заттары қойылған. Олардың арасында самаурын, кәмпит салғыш ыдыс, жайнамаз, араб тіліндегі Құран кітабы, 1923 жылы Ташкентте шығарылған өлеңдер жинағы сияқты дүниелер бар. Көрмеде ақынның өзгелерге беймәлім болып келген портретін көруге болады.

Есіл ауданы Кеңес Одағының 6 батыры, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Отаны. Осыған қарай көрмеде мақтау қағаздары, гимнастерка, майданнан жазылған үшбұрышты хаттар мен өзге де әскери салаға байланысты заттар қойылған.

Сырымбеттік Ш.Уәлиханов тарихи-этнографиялық музейінің өкілдері көрмеге әйгілі, тарихшы, этнографтың жеке заттарын алып келген. Сондай-ақ ғалымның 1850 жылғы жол сөмкесі де бар.

«Әсіресе мұнда Шоқан Уәлихановтың інісінің пілдіңсүйегін қолдана отырып жасаған сандығы ерекше қызықтырады. Сонымен қатар саяхатшының туғандарына Петербургтен алып келіп берген 1812 жылғы карамель қорапшасы қойылған да көрмеде тұр»,-деді музейдің қор бөлімінің меңгерушісі Наталья Бондаренко.

Аудандық өлкетану музейлерінің қорларындағы экспонаттардан дайындалған көрме алғаш рет ұйымдастырылуда. Көрме сәуірдің орта тұсына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар