Шөген ойындарынан екінші Қазақстан чемпионаты аяқталды

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тамыздың 11-і мен 13-і аралығында Алматы облысының Талғар ауданындағы ат спорты кешенінде өткен шөгеннен ІІ Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы әкімдігінің ақпараттық-спорттық хабына сілтеме жасай отырып.

Үш күнге созылған ел біріншілігінде алты команда бақ сынады.

Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерациясының командасы, Ақмола облысы шөген федерациясының командасы, Аққия шөген клубы, Әулие ата шөген клубы, «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары.

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған жарыста үшінші орын үшін таласта Әулие ата шөген клубы мен Ақмола облысы шөген федерациясының командалары өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен кездесуде 2-1 есебімен былтырғы чемпиондар Әулие ата шөген клубы жеңіске жетті.

Ал шешу сында «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары чемпиондық атаққа таласты.

Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қос командада жиналғандардың делебесін қоздырды.

Қорытынды есеп 6-4. Жеңіс «Astana polo club» командасының пайдасына шешілді.

Сондай-ақ, чемпионаттың «үздік ойыншы» номинациясы бойынша тағайындалған жүлдесі «Almaty polo club» командасының капитаны Қуаныш Мұсабековке бұйырды.

Ал, «үздік поло пони» болып, «Маусым» атты сәйгүлік танылды. Тиісінше Аққия шөген клубы 5 орынға ие болса, Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерацисының командасы 6 орыннан көрінді.

Сайыстың жүлде қоры: 2 миллион теңге болды, бірінші орынға 1 миллион теңге болса, екінші орынға 600 мың, үшінші орынға 400 мың теңге берілді.

nullnull

Соңғы жаңалықтар