ШҚО зейнеткерлері мен ардагерлері шипажайда тегін ем алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шемонаиха ауданындағы «Уба» шипажайы кенді Алтайдың қарттарын қамқорлыққа алды. Мұнда қариялар денсаулықтарын қалпына келтіреді. Облыс әкімі Даниал Ахметов мекемеге ат басын бұрып, қызметтің сапасымен танысты, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шипажай бір мезетте 200 адамды қабылдауға қауқарлы. Кешенді ем-домды ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен Чернобыль АЭС апат салдарын жоюшылар, зейнеткерлер мен көпбалалы аналар алады. Ардагерлермен кездескен облыс әкімі оларға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғысын білдірді.
null

«Қазақстанның, біздің өңірдің дамуы үшін еткен еңбектеріңіз ерен, біз оны жоғары бағалаймыз. Шын жүректен ардагерлеріміз бен зейнеткерлеріміз емдеу-алдын алу, сауықтыруға бағытталған тамаша орындарда денсаулықтарын жақсартып, демалғандарын қалаймын. Осындай іске өзге де мекемелерді тарта отырып, қолдағы мүмкіндікті қолдана, қызмет көрсетушілер қатарын арттыратын боламыз», -  деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Жыл сайын шипажайда 6 мыңға жуық зейнеткер денсаулықтарын сауықтырады. Демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Кешенді емдеу санатына балшықпен, сумен емдеу, массаждың әр түрі, физиологиялық, тамақ булау сияқты ем түрлері кіреді.  

Соңғы жаңалықтар