ШҚО-ның Үржар ауданында шегірткемен күрес 31 мың гектар аймақта жүргізіледі

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Биыл Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында шегірткемен күрес 30 900 гектар жерге жүргізілетіндігі туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Үржар аудандық аумақтық инспекция басшысы Мұратбек Бестібеков хабарлады.

Бұл жөнінде ауданға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясынан арнайы жұмыс тобы келіп, бөлім, мекеме басшылары және ауыл әкімдерімен жиын өткізген болатын.

«Биыл өңірде 30 900 гектар жер залалсыздандырылуы керек. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаржы қарастырылды. Жалпы ауданымызда аса қауіпті екі түрлі шегіртке бар. Бірі италиялық, екіншісі азиялық шегіртке. Бұлар Қазақстанда өте кең таралған аса қауіпті зиянкестер. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. Биылғы жылы азиялық шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 11,5 мың га жерге және италиялық прусқа 19,4 мың га жерге жүргізіледі деп жоспарлануда. Бүгінгі күні аудан әкімі Серік Зайнулдиннің үкімімен шегірткеге қарсы алдын алу шараларын жүргізетін арнайы штаб құрылды», - дейді Үржар аудандық аумақтық инспекция басшысы Мұратбек Бестібеков.

Еске сала кетейік, өткен жылы ауданға қарасты Қарақол, Шолпан, Таскескен ауылдарының егістік алқаптарына шегірткелер шабуылдаған болатын. Осыған орай алқаптарды өңдеу жұмыстары биылғы жылы ерте басталмақ.

Соңғы жаңалықтар