ШҚО-ның Ұлан ауданында жел электр стансасы салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жел электр станасасын салады, деп хабарлады ҚазАқпарат ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметті Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Арсламбаев мәлім етті.

Ұлан ауданы Тайынты ауылындағы жаңа жел электр стансасының қуаты 24 МВт. Бұл күллі аудан бойынша электр қуатына сұранысты қанағаттандыра алады.

«Жел электр стансасының құрылысы ШҚО-ның ірі жобаларына кіреді. Қазір жобаның бастапқы дайындық жұмыстары аяқталды. Жел тармақтарын зерттеу мен геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жел электр станасасы іске қосылғанда аудан тұрғындары сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады. Қалған электр энергиясы республиканың жалпы бірыңғай желісіне кіреді», - деді Алмат Арсламбаев.

Бұл жобамен қатар Зырянов ауданында қуаты 24, 9 МВт Тұрғұсын ГЭС-і салынуда.

Сондай-ақ, ШҚО-да 2016 жылы жасыл энергияны өңдеу үлесі сағатына 55 млн кВт-ны құрады.

Соңғы жаңалықтар