ШҚО кәсіпкерлері мектептерге миллиондап қаржы бөлмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының барлық кәсіпкерлері бас қосқан форум болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Сексеноваға сілтеме жасап.

Ауқымды жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Даниал Ахметов барлық ірі кәсіпорындардың басшыларына, шағын және орта бизнестің тізгінін ұстаған азаматтарға алғысын білдірді.
null 

«Облыстағы кәсіпкерлер өңірдің дамуына өте үлкен үлестерін қосып келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымызда «Менің мектебім» атты жобаның бастау алатынын айтқым келеді. Ол жоспар бойынша аймақтағы барлық мектептерін заманның озық биология, химия, физика және робототехника кабинеттерімен жабдықтауды көздейміз. Өңірдегі барлық білім ордалары Назарбаев Зияткерлік мектебінен кем болмауы керек», - дейді Даниал Ахметов.
null 

Кәсіпкерлер аймақ басшысының бастамасына қолдау білдіріп отыр. Мәселен, Зайсан ауданынан келген кәсіпкер әйел өз ауылындағы мектептің робототехника кабинетін жарақтандыру үшін 3 млн теңге қаражатты қазір бөлуге әзір екенін білдірді. Оның ізінше, басқа да кәсіпкерлер қаражат бөлуге дайын екендіктерін айтуда. «Атымтай Жомарттардың» арасында осы бағытта 50 млн теңге бөлгелі отырғандары да бар. Ал Өскеменнің кәсіпкерлері жоба аясында 106 млн теңге бөлетінін мәлім етті.
null 

null 

Кәсіпкерердің барлық жиналған ақшасы «Парыз» атты облыстық қорға жиналып, қаражат сол қордан мектептерге бағытталатын болады.

ФОТО:  Өскемен қаласының баспасөз қызметінен алынды.

Соңғы жаңалықтар