ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ринат Омаров ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Басқарманың жетекшілігіне аталған ведомство басшысының орынбасары болған Алмат Арсламбаев тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алмат Арсламбаев 1986 жылы 4 мамырда Ресей Федерациясының Челябі облысында дүниеге келген. Семей қаласындағы «Қайнар» колледжін «қаржы және құқық» мамандығы бойынша бітірген. Одан кейін Семей қаласындағы «Қайнар» университетінің филиалы мен Қазақстан-Америкалық еркін университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде персоналды оператор болып бастаған. 2009 жылы Семей қалалық автокөлік жолдары және көлік, ТҮКШ бөлімінің мемлекеттік тапсырыс, есеп, жоспарлау секторында жұмыс атқарған.

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында материалды өндіріс саласының бөлімінде еңбек еткен. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй эксплуатациялық басқармасы» ЖШС-ін басқарған. Екі мәрте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болған.

Аян Өрібай

Соңғы жаңалықтар