ШҚО-дағы өзендерді «жарып» жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында өзен арналарына кептелген мұздарды жару жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұның алдында өзен арнасына мұз кептеліп, қызыл су жайылатын орындар анықталған болатын. Сол орындарды жарылғыш заттар арқылы мұздан аршу жұмыстары басталды» - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.  

Соңғы үш күнде Шемонаиха және Бородулиха аудандарында мұз қатқан арналарға жарылғыш заттар қойылған болатын. Бұл екі ауданға әсіресе Үбе өзені қауіп туғызуы мүмкін. Мамандар жарылыстың көбі осы өзеннің бойында жасалғанын айтады.

Кейбір жарылыстар елді мекендерге жақын аумақта өтетіндіктен, қопару жұмыстары белгілі бір уақыт аралығын сақтап ұйымдастырылуда. Бұл өз кезегінде мұзды аршу жұмыстарын баяулатуда. Өйтпеген жағдайда тербелістер судың арнадан асуына әкеп соқтыруы мүмкін.
null null 

«Бүгінгі жарылыстар Убинка және Верх-Уба ауылдарының маңында өтті. Шемониха қаласына кіре берістегі көпір маңын да мұздан аршыдық» - дейді Шемонаиха ауданы әкімдігінің азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы Евгений Песчанников.

Төтенше жағдай қызметі өңірде жағдай тұрақты болғандықтан, өзендерді «жару» жұмыстары жалғасатынын айтты. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар