ШҚО-да жол жөндеушілер Осиновский асуына жол салады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Осиновский асуынан өтетін автожолдар төсеу жұмыстары басталды. 2020 жылы Рақман қайнары, Зырян және осы бағыттағы елді мекендерге баруға болады, деді бұл жерлер күрделі әрі өте қауіпті жол учаскесі екендігін айтқан «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Шығыс Қазақстандағы филиалының директоры Нұрланбек Өмірбаев.

Қазір құнарлы жер қабаты алынып жатыр, ал шілде айында жаңа жол құрылысы басталады. 32 шақырымдық «айналмалы» жолдың 16 шақырым бөлігі «АБК Автодо-НС» мердігер компаниясына тиесілі. Биылғы жылдың соңына дейін олар жоспарланған 2,3 млрд теңгені (3 жылға жоспарланған 11,1 млрд теңгеден) игеруге тиіс.

16 шақырымдық жолдың екінші бөлігі бойынша (7,2 млрд теңгеге бағаланған) байқау тәртіптері жүргізіліп жатыр.

Жол құрылысы аяқталғаннан кейін жолдың қауіпті аймақтарына жүргізушілердің назарын аударуға арналған жол нұсқаулары мен жарық диодты жол белгілері орнатылады. 

Соңғы жаңалықтар