ШҚО-да үш ауысымдық білім беру мәселесін мектептер салумен шешуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 2017 жылы апаттық және үш ауысымдық білім беруді жою үшін мектептер салады. Бұл туралы  бүгін облыстық әкімдіктегі отырыста білім беру басқармасының басшысы Айжан Садықова айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

3 апаттық мектеп - Көкпекті ауданындағы Бастаушы ауылы, Урунхайка ауылы мен Күршім ауданындағы Жолнұсқау ауылындағы мектептер басты мәселеге айналды, деп атап өтті А. Садықова.

Жалпы 2016 жылы Шығыс Қазақстанда 11 апаттық мектеп пен үшауысымдық білім беретін 5 мектеп - Көкпекті, Тарбағатай, Шемонаиха, Үржар және басқа да аудандарда бар. Республикалық және облыстық бюджеттің есебінен 6 мектеп, соның ішінде Курчатовтағы үш ауысымдық мектепті жою үшін ашылды.

Аталмыш мәселенің дұрыс шешімін табу мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметов қазіргі мектептердің жағдайын тексеріп, жуық арада ары қарай іс-әрекетті анықтайтын комиссия құруды тапсырды. Алайда, ең алдымен комиссия мүшелері Урунхайка  ауылында не себепті осынша уақыт бойы мектеп құрылысына учаске бөлінбегенін және Бастаушы мен Жолнұсқау ауылдарындағы мектеп ғимараттарының жағдайы қаншалықты төмен екендігін анықтайды.

Сонымен қатар, Аягөзде Ұлттық қордың есебінен 600 орындық мектептің құрылысы басталды. Осы мектеп іске қосылса, өңірдегі үш ауысымдық білім беру жойылады, деп сендірді А. Садықова. 

Соңғы жаңалықтар