ШҚО-да Ертіс өзені жарылыс арқылы мұздардан тазартылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда өзендердегі кептелген мұздарды жою жалғасуда. Бүгін Бесқарағай ауданы Кривинка ауылына жақын жердегі Ертіс өзенінде профилактикалық жарылу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ТЖ департаментіне сілтеме жасап. 

Судың көтерілу деңгейін сейілту үшін 600 кг жарылғыш заттар қолданылды. Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Келесі профилактикалық жұмыстар ағысты төмен бойлап, Семиярка ауылынан 5 шақырым қашықтықта жүргізіледі. Бүгінде ШҚО ТЖД гарнизонының қызметкерлері бар күш-жігерін сала отырып, су тасқынымен күресуде.

«Өңірдегі жағдай бірқалыпты», - деп атап өтті ТЖД.

«ШҚО ТЖД жедел штабы тәулік бойы үзіліссіз жағдайды өз бақылауында ұстауда».

Облыстағы ТЖ-ны жою үшін ҚР ІІМ топтық күштері мен құралдары құрылып, жеке жасақтың 1000 адамы, 270 техника мен жүзу құралдары дайын тұр.

Облыстық резервте 600 адамға дейін сыйып кететін палаталық лагерь бар.

Соңғы жаңалықтар