ШҚО-да допты хоккейден ел чемпионаты басталды

None
None
  ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды. Спорт бәсекесіне 5 құрама сапында 100-ге жуық спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Жарыста айдын иелерінен бөлек, Астана қаласынан және Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген хоккейшілер өзара шеберлік байқасуда. Үздік ұжым айналмалы жүйе бойынша өтетін сайыс арқылы анықталады. Допты хоккейден ел чемпионаты Шығыста осымен үшінші мәрте өткізілуде. Хоккейшілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Ең жас қатысушы 19-да болса, егде тартқандары - 60-ты алқымдаған спортшылар.

«Жарыс осы бір спорт түрін Қазақстан көлемінде кеңінен насихаттау мақсатымен өткізіліп отыр. Тарихқа көз жүгіртсек, алматылық «Динамо» хоккей клубы өз уақытында  талай жүлде иеленді. Біз де осы межеге жету үшін үнемі тыңғылықты дайындық жүргізіп келеміз», - деді допты хоккейден ШҚО бас бапкері Евгений Медведев.
null 

Жоғары ойын деңгейін көрсеткен спортшылар алдағы желтоқсан айында Петропавлда өтетін ҚР Кубогіне жолдама алады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионат наурыздың төртіне дейін жалғасады.

null 

Соңғы жаңалықтар