Шиелілік шенеунік пара алғаны үшін сотталды-Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Шиелі ауданында құжаттарды қолдан жасаған шенеунік 1 миллион теңгені бас пайдасына жаратқан, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратураның хабарлауынша, Шиелі кентінің бас маманы Отызбаева тұрғын үй салу үшін жәбірленушіден 1 миллион теңге көлемінде пара алып, жерді заңсыз рәсімдеп берген.

Шиелі аудандық соты Отызбаеваны сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуына байланысты кінәлі деп тапты.

ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесіне орай рақымшылыққа ілінуіне байланысты 3 жыл мерзімге еркіндігін шектеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқынан айырды.

Кент әкімшілігінің мұнан өзге іске қатысты болған қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар