Шиелі ауданында 184 жоба қаржыландырылды - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шиелі ауданында 184 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шиелі аудандық филиалының директоры Рысбай Нысанханов бизнес өкілдері алдындағы есепті кездесуде айтты, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында «Бизнес кеңесші» жобасы аясында оқып, біліктілігін жетілдірген 184 азаматтың жалпы құны 650 млн 820 мың теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылды.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант беру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» қарауына 7 жоба ұсынылып, нәтижесінде жалпы құны 1 млн  229 мың теңгені құрайтын 2 жоба грант ұтып алды. Жеке кәсіпкерлер Мая Қалжанованың «Қол өнер бұйымдары үйірмесін ашу» жобасына 540 мың теңге (Жуантөбе ауылы), Айбибіхан Камалқызының «Ұлтық аспаптар жасау» жобасына 689 мың теңге (Бестам ауылы) берілді.

null 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында барлығы жыл басынан 64 азаматқа 251,5 млн теңге шағын несие берілді.

Нақтырақ айтқанда, жыл басынан бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлікпен айналысуға 355 азамат шағын несие алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, аудандық комиссияда қаралып, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз қамтыған 150 азамат қаржыландыру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды. Бүгінгі таңда 42 бизнес-жоба мақұлданып, 41 азаматқа 144  млн теңге шағын несие берілді.

Сонымен қатар, «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығына бизнес жобалары мақұлданған 26 азаматқа жолдама беріліп, 23 азамат 107,1 млн теңге несие алды. Қалған 5 азаматтың 44,6 млн теңгені құрайтын жобасының несие құжаттары қаралуда.

Кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалының көмегімен биыл ғы жылдың 9 айында 15 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды.

null 

Оның ішінде, «Ырыс», «Береке» бағдарламалары аясында 50 ауыл концепциясы бойынша аудандағы  4 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің 118 мүшесі 398,6 млн теңге қаржы алды.

Сонымен қатар, облыстан бөлінген 100 млн теңге «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант беру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» қарауына 27 жобаға сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, ұсынылды.

Еске сала кетейік, Елбасының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің 54-қадамында: Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту жайы баса айтылды. Сондай-ақ оның құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді, деген болатын Мемлекет басшысы.

null 

Соңғы жаңалықтар