Шетелге ақша аударуда шектеулер бар ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелмен саудаға бағытталған валюталық айналымдардың басым бөлігі заңды іске асырылып жатыр. Бұл туралы Парламент Сенатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Уәлихан Ділдәбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде шетелге капиталды заңсыз шығару мәселесі ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қатысты болып отыр. Ұлттық банктің ақпаратына жасалған талдау мен қаржылық мониторинг нәтижелерін салыстыру шаралары төлемдердің 90 пайызы келісімшарттарды орындауға байланысты болғанын көрсетті. Яғни, осы көрсеткіш тауарларды нақты жеткізу мен қызметтерді орындауға қатысты. Елден шығарылған валюталық ағындардың барлығы заңсыз немесе тәуекел аймағында деп айта алмаймыз. Осы орайда 90 пайызы заңды сипатқа ие және экспорттық-импорттық операцияларды орындаудың нәтижесінде іске асырылуда», - деді Ділдәбаев тиімді влюталық бақылау тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, 2016 жылы шетелге 9,6 трлн теңге аударылған, соның ішінде тауарлардың импорты 8,7 трлн теңгені құрады. Бұл тұрғыда экспорттық-импорттық келісімшарттардың 90,6 пайызы орындалды. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың басым бөлігі валюталық заңнаманы орындап келеді.

«Алайда жеке әрі заңды тұлғалар тарапынан валюталық операцияны жүргізуге байланысты проблемалар да бар. Осы уақытқа дейін транзакцияның шекті сомасы, операциялар көлемі мен осы шараларды орындауды қадағалау мәселелері реттелмеген. Яғни, жеке және заңды тұлғалар ешбір шектеусіз шетелдегі өздерінің есеп айырысу шоттарына валюталық қаржыны аудара алады. Бізде шектеулер қарастырылмаған. Мемлекеттік қадағалаумен экспорттық-импорттық операциялар ғана қамтылған», - деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар