Шетелдік қазақ тілді БАҚ-қа шолу: ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Түркістан легионы қалай құрылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада шетелдегі қазақ тілді БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттар ағынына көз жүгіртіп көрдік. Енді солардың өзектілерінің бір шоғырын «ҚазАқпарат»  ХАА-ы оқырман назарына ұсынады.

Сахнаның тарлан бозы -  ulgiinews.mn

null

Осы аптада ulgiinews.mn ақпараттық порталында Моңғол еліндегі  қазақ драма театрының бір мүшесі, бойында сан түрлі өнері бар Әнікей Есмағзамұлы туралы «Сахнаның тарлан бозы» деген  эссе жарық көрді.

Автор  аталған  шығармасын: «Моңғол еліндегі қазақ театрының алғашқы қарлығаштарының бірі болған Әнікей Есмағзамұлының туған жері кілең асыл, текті тарландарды дүниеге әкелген жер еді», - деп бастайды.

«...Моңғолияның Бай-Өлке аймағының Бұлғын сұмыны -топырағы асыл, адамдары текті, тарлан тарихтың сан қатпарынан сыр шертетін, Қытай елімен шекаралас, Салтанат атты бірлестігі (ұжымшар) бар киелі мекен.

null  

Мұнда өнер, мәдениет саласының небір саңлақтары туып-өскен. МХР-дың халық жазушысы «Моңғолдың құпия шежіресі», атақты «Жаңғыр» дастанын қазақша сөйлеткен Мағауия Сұлтанин, филология ғылымының докторы, тарихшы, жазушы драматург Ислам Қабышұлы, атақты жыршы Мұзбай Зейнолла, ақын-жазушы Зуқай Шәрбақынұлы, Кәкей Жаңжұңұлы, Абай Мауқара қатарлы таланттар тізбегін айта берсек жетерлік. Өмірі аңызға айналған «Мемлекеттік қаршыға» атағын қазақтар арасында алғаш иеленген палуан ағамыз Қожақопан да осы өлкенің тумасы. Өнердің бір топ шоғыры да осы өлкеден түлеп ұшқан. Олар - аймақтық Музыкалық драма театрының ірге тасын қаласып, бар өмірін осы шаңырақта өткізген дарынды актриса Серкешхан Омарқажықызы, Бижұма Махметұлы. Бүгінгі мақаламыздың басты кейіпкері біздің Әніш те осы бір қасиетті де киелі Бұлғын топырағында 1937 жылы Есмағзамның шаңырағында дүниеге келіпті...», - деп жазады автор.

«Әнікей Есмағзамұлы - жай ғана театр әртісі емес, сегіз қырлы бір сырлы, бұрынғы сал-серілердің жұрнағы деп атауға болатын нағыз өнер иесі» делінген эсседе.

null 

Қазақта «қас» деген әсіре теңеу сөз бар. Қас батыр, қас сұлу, қас шебер, қас мерген. Меніңше, Әнікей қас талант иесі еді. «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп қазағым осындай өнерпаздарды айтқан ғой. Бір сөзбен айтқанда бұрынғы сал-серілердің жұрнағы деуге әбден болады. Өйткені: Ол - әнші, ол - домбырашы, ол - қобызшы, ол - скрипкашы, ол - ақын, ол - композитор, ол - ұстаз, ол - актер...

Әнікей осы өнерлердің сыртында драма жанрына да ден қойып, сахналық шағын көрініс, скетчтер жазып, сатиралық, юморлық шағын шығармалары жарыққа шығарған екен.

«Мен Әніштің қырық қатпар өнерін спектакль қойғанда, шығармаларды сахналағанда көзіммен көрдім. Біраз жыл драма жанрына ден қойып, сахналық шағын көрініс, скетчтер жазып жүрді. Сатиралық, юморлық шағын шығармалары: «Салмақпайдың саудасы», «Су егіз», «Құрметті есім» т.б сахнаға шығарып ойнадық» деп жазады автор Тайф Тәукейұлы.

Автор  Әнікей Есмағзамұлы  туралы эссесін «Әніш ағамыз қазақтың ұлттық өнерінің бегзадасы, нағыз дарын иесі болды десек артық айтқандық емес», дей келе  Иран-Ғайып ақынның сөзімен айтсақ: «Әнікейге атақ керек емес, атаққа Әнікей керек» еді деген сөзімен түйіндейді.

Сондай-ақ, дәл осы сайтта Өлгийлік қазақ палуандары Моңғол елінің ұлттық біріншілігіне жолдама алғаны туралы ««ӨЛГИЙН ХҮЧТЭНҮҮД» ұлттық тойға дайындық үстінде» деген сүйінші хабары жарық көрді.

null

 «Мемлекеттік «қаршыға» (Моңғолдың ұлттық күресі балуандарына берілетін дәреже) Бақыт Однайұлы, аймақтық «Арслан» Серік Бердімұратұлы бастаған «Бесбоғда бүркіттері» боз кілемінің 33 палуаны аймақтық «Зоост» демалыс орнында «Ұлттық тойға» күрес әзірлігін жасауда» делінген аталған ақпаратта.  Моңғолияның қазақтар мекен ететін Бай-Өлке өңірінің  палуандарын Қанат Консулұлы, Айдос Қабиденұлы,  Бегжан Бақытұлы қатарлы тәжірибелі палуандар жаттықтыруда екен. 

null

ulgiinews.mn ақпараттық порталында «...Өлгийліктер биылғы «Ұлттық тойда» Серік Бердімұратұлы, Мұстафа Нұрланұлы, Еркебұлан Малшыұлы, Береке Ұлықпанұлы қатарлы жас палуандардан «Мемлекеттік» атақ алады деп дәмеленуде» деп жазылған.

Астанадағы ЭКСПО көрмесінде Қытай елінің ұлттық күніне арналған концерт өтті - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null null null null 

5 шілде күні Қазақстанның Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Қытай Халық Республикасының ұлттық күніне орай өткен концертте «Жібек жолына махаббат» атты би қойылды  делінген kazakh.people.com сайтында.

 «Астанадағы ЭКСПО көрмесіндегі Қытай павильоны  күні» деп аталған іс-шарада  ән, би, цирк ойыны, драма, сайыскерлік өнері сынды сан түрлі көркемөнер ойындары көрермен назарына ұсынылды» деп жазады қытайлық ақпараттық портал.

Қазақстан Ресей мен Украинаға арағайындық жасауға әзір - «Фарс» ақпарат агенттігі

Ирандағы белді басылымның бірі parstoday осындай тақырыппен ақпарат  жариялады. Аталған материялда Қазақстан қашанда әлемдік қатынастарда тек бейбіт ынтымақтастықты ғана көздейтінін алға тартады.

 «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің Ресей мен Украина арасындағы сұхбаттар үшін көмек ұсынуға әзір екенін мәлімдеп:

«Киев пен Мәскеу арасындағы алауыздықтардың жалғасуы екі ел арасында түйткілдерге себеп болады. Қазақстан үкіметі тараптардан араларындағы мәселені шешу үшін шынайы келіссөздерді бастауды сұрайды. Батыс елдері мен Ресей арасындағы сындарлы келіссөздер аймақтың тұрақтылығын біршама арттырады. Алайда һәм Еуропа, һәм Ресей тарапынан қарымта санкциялар жалғасатын болса, екі  тарап та шынайы зиян шегеді» деп жазады ирандық ақпарат агенттігі.

Ақсай қазақ автономиялы ауданында ақындар айтысы өтті - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null 

ҚХР-дың Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданының  XIV кезекті ақындар айтысы өткізілді,  деп хабарлайды kazakh.people.com.

Бұл мәдени шарада ақындардың жекпе-жек айтысымен бірге, ән, терме, дәстүрлі би жарысы өтті, делінген аталған ақпараттық сайтта.

null 

«Жыр додасына түскен ақын Төребек пен Жайнаның айтысы мен дәстүрлі халық биі аю биін билеген бишінің өнері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Ақындардың жыр сайысында Төребек Дәукейұлы, терме айтудан  Жарқын Әләпаққызы,  ал дәстүрлі халық биін билеуде Күлімжан Қайырбекқызы бас жүлдені жеңіп алса,  халық әндерін орындауда  Мәрүйна Болатқызы  жеңімпаз болып танылды»,  деп жазады kazakh.people.com.

null 

 Бұл жолғы айтыста жүлделі болған ақындар мен өнерпаздар ағымдағы жылы тамыз айының 12 жұлдызында Ақсай ауданында өткізілетін бүкіл Қытай еліндегі үш қазақ автономиялы ауданның (Мори қазақ автономиялы ауданы, Баркөл қазақ автономиялы, Ақсай қазақ автономиялы ауданы ) 5-шы кезекті айтысына қатынасады,  делінген ақпарат көзінің мәліметінде.

null 

Астанада түркі әлемі музыка фестивалы - ТРТ телеарнасы

Осы аптада Астада өткен  «Түркі әлемі музыка фестивалын» түркияның ақпараттық көздері де назардан тыс қалдырған жоқ.  Астанада ұйымдастырылған 10-шы халықаралық «Астана-Арқау» түркі әлемі халықтарының дәстүрлі музыка фестивалі жайлы айта келіп, аталған сайт фестивальдің қонағы тувалық көмейсаздың майталманы Николай Ооржак  туралы арнайы тоқталған.

null 

«...Солардың қатарында атақты музыкант, дәстүрлі тувалық көмейсаздың майталманы Николай Ооржак фестивальдің арнайы қонағы болады» дей отырып, «Николай  - Тува Республикасының тұқым қуалаған шаманы. 25 жылдан астам уақыт бойы ол бүкіл әлем бойынша сабақтар мен салт жораларды өткізумен келеді. «Ун-Хун», «Күн дыбысы» жүйелерінің, өзін-өзі дамыту мен ұзақ ғұмыр жасаудың рухани-сауықтыру әдістемесінің авторы»  деген ұйымдастырушылардың пікірін алға тартады аталған ақпарат көзі.

Айта кету керек, осы аптада  ирандық parstoday.com мен  түркиялық trt.net.tr сынды ақпарат құралдары Астанада өткен «Астана процесінің бесінші отырысы» туралы да ақпаратты беріп отырды.

Осы аптадағы  шетелдік қазақ тілді БАҚ-қа шолуымызды trt.net.tr -де жарияланған ІІ  Дүниежүзілік соғыстағы Түркістан легионы және ақиқаты - деген ауқымды тарихи мақаламен қорытындылауды жөн көріп отырмыз.

Осындай тақырыппен түркиялық ақпараттық порталда тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қараның көлемді мақаласы жарық көрді.

Белгілі түркиялық қазақ ғалымы Ә. Қара бұл тарихи мақаласын «ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес армиясы қатарында соғысқа қатысып, неміс фашистеріне тұтқынға түскен түркі текті әскерлер адамзат тарихының ең ауыр қасіреттерінің бірін бастан өткерді. Бірақ өкінішке қарай олар Кеңестік кезеңде орынсыз күйе жағылып, "сатқын" ретінде көрсетілді. Шындығында олар елдерінің бостандығы үшін күрескен және көбісі осы жолда құрбан болған қаһармандар еді. Бұл шындық Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жасалған зерттеулермен айдай анық ортаға шығып келеді», - деп бастаған.

Тарихшы ғалым «Түркістан легионы» атты ерікті армия тобының қалай құрылғаны турасында және осы топты ұйымдастырушы  Нацистік үкіметтің Шығыс Министрі Альферд Розенберг жайында оқырманға түсінікті етіп айтады.

«Легиондарының құрылу тарихы Нацистік үкіметтің Шығыс Министрі Альферд Розенбергтің есімімен тығыз байланысты. Немістер ІІ дүниежүзілік соғыстың бас кезінде күтпегендей аса көп, атап айтқанда миллиондаған Кеңес әскерін тұтқынға түсіреді. Екіншіден немістер Сталиннің қылышынан қан тамған озбыр саясатына Кеңестік азаматтардың, әсіресе орыс емес халықтардың өкілдерінің наразы екенін білетін. Сондықтан Розенберг осы тұтқынға түскен қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік сынды әскерлерден "Түркістан легионы" атты ерікті армия тобын жасақтауды ойлап, Нацистік жоғары басшылыққа ұсынады. Бастапқыда басшылық оны қабылдағысы келмейді. Ақырында Розенбергтің қадағалауы нәтижесінде қабылданады» деп жазылған.

null  

Аталған мақалада нацистік тұтқындар лагерьлеріндегі әскерлердің жағдайы тым мүшкіл болғаны туралы айта келіп, сан қилы азап көріп, апта бойы тамақ ішпеген әскерлерді егер легиондарға қатысу туралы ұсыныс жасасаңдар - барлық жағдайын жасамақ ойларын білдіреді сол кездегі неміс билігі. Ұлты орыс емес тұтқындар неміс армиясында соғысса,  онда өз отандарын Кеңестік империяның құрсауынан алып шығатыны туралы насихатталады. Алайда оның бәрі жалған уәделер екені туралы айтылады мақалада.      

«Нацистік тұтқын лагерьлеріндегі әскерлердің жағдайы тым аянышты еді. Аштықтан, суықтан, аурулардан күніне жүздеген, мыңдаған адам өліп, лагерьдегі жағдай күннен-күнге нашарлап бара жатты. Кейде тұтқындарға бір апта бойы жейтін тамақ берілмеген кездері де болды. Міне осындай жағдайда лагерьлердегі тұтқындарға легиондарға қатысу туралы ұсыныс жасалды. Қатысқандарға ыстық тағам, жылы киім, тіпті жалақы және 15 күнде қалаға шығып қыдыру мүмкіншіліктері берілмек еді. Сонымен қатар оларға неміс армиясында соғысып, отандарын Кеңестік империяның қызыл шенгелінен азат ететіндіктері айтылды. Бірақ бұл соңғысы өтірік еді. Соғыстан кейін неміс сыртқы істер министрлігінің архивінен шыққан құжаттар нацистердің Түркістанға тәуелсіздік бермейтіні, тіпті Большевиктерден да жабайы түрде қанайтыны анықталды» делінген Әбдіуақап Қара жазбасында.

Мақалада автор Түркістан легионында қанша адамның болғаны туралы да тың деректер ұсынады.  «Зерттеуші Александр Даллин немістердің ресми жазбалары бойынша соғыс кезінде Кеңес армиясынан тұтқынға алынғандардың жалпы саны 5 162 000 болғанын айтады. Бұл тұтқындардың басым бөлігін орыс емес, өзге ұлт өкілдері құраған. Олардан 1 981 000 адам тұтқын лагерлерінің ауыр шарттарында көз жұмған. Тұтқындарды белгіленген жерлерге жөнелту кездерінде өлгендер мен жоғалып кетті деп тіркелгендерді есепке алғанда, бұл сан үш миллионан асады. Тірі қалғандардан 800 мыңдай әскер «Тұтқындардан жасақталған легиондар» жобасы үшін қолданылған. Карелия тұтқын лагерьлерінде үш миллион тұтқынның қаза тапқанын, тұтқындардың көпшілігінің орыс ұлтының өкілі болмағанын ескерсек, кем дегенде бір миллиондай түркі текті әскердің лагерьлерде өлім құшқанын болжап, жорамалдауға болады» делінген аталған тарихи мақалада.

Соңғы жаңалықтар