Шетелдік инвесторлар Байқоңырда бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылайды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада өтетін «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» тақырыбындағы ІІ халықаралық-интернет форум өтеді. Шараны Facebook және Youtube-тан тікелей эфирде көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Интернет-форумның мақсаты Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және оны шешу жолдарын қарастыру үшін отандық және шетелдік мамандарға диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады.

Форумға «KAZAKH Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары  Біржан Канешев, Ресей Федерациясының «Жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін пайдалану» орталығының өкілі, сондай-ақ Ресей, Қытай, Израиль, Ұлыбритания, Нидерланды, Түркия, Финляндия, Дания және Әзербайжан елдерінен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан 20-дан астам халықаралық компания қатысады.

Интернет-форумның тікелей көрсетілімін Facebook және Youtube-тан көруге болады.

Өз кезегінде, интернет-форум өңірге инвестиция тартуға және Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өту  керек.

Соңғы жаңалықтар