Шетел валютасындағы депозиттердің мөлшерлемесі 1,5%-ке дейін төмендетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (КДКБҚ) Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғары деңгейдегі сыйақы мөлшерлемесін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңадан тіркелген жеке тұлғалардың теңге бағамындағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшері бұрыңғы деңгейде, яғни 14% көлемінде сақталады. Сондай-ақ, ҚДКБҚ Директорлар кеңесі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап шетел валютасындағы депозиттердің ұсынылған ең жоғары деңгейдегі мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚДКБҚ ұсынған ең жоғары деңгейдегі мөлшерлемесі шартты емес нәтижелі мөлшерлемелерге қатысты екенін еске саламыз. ҚДКБҚ банктік салымдарды, ағымдағы шоттағы қалдық ақшаға және төлем карталарына сыйақы мөлшерінің көлеміне қарамастан кепілдік беретіндігін банк салымшыларының назарын аудартады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры - екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұйымы.

ҚДКБҚ жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің барлық депозит түрлеріне кепілдік болады, кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы құрайды:

Ұлттық валютадағы салымдары және банк шоттары бойынша - 10 миллион теңгеге дейін,

Шетел валютасындағы салымдар және банк шоттары бойынша - 5 миллион теңгеге дейін.

Салымшылар қызметкерлерден ақыл-кеңесті 8 8000 80 10 20 телефоны бойынша алуына болады. Қосымша ақпарат ҚДКБҚ www.kdif.kz ресми сайтында қол жетімді.

Соңғы жаңалықтар