Шетел инвестициясын «ақ мұнайды» өндіруге салу қажет - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек кездесетін металдарды өндіру саласына басымдық беруді тапсырды. Соның ішінде «ақ мұнай» деп аталатын литий өндірісін ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде әлем бойынша сирек кездесетін металдардың негізінде жаңа технологиялар жасалады. Аталған процесс барған сайын күшейе түседі. Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылы «литий» атты сирек кездесетін металға деген сұраныс үш есеге артып, әлем бойынша 550 мың тоннаға дейін жетеді. Сол себепті литийді «ақ мұнай» деп атап кеткен. Қазақстанда сирек кездесетін металдардың түр-түрі бар. Литий де жоқ емес», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлардың бүгінгі отырысында. Осы орайда Мемлекет басшысы литийді өндіру саласына шетел инвестицияларын салу мәселесін қарастыруды тапсырды.    

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Мемлекет басшысы Қазақстандағы табиғи байлықтардың жалпы қорын жариялап, инвесторларды өз ақшаларын ел экономикасына көптен салуға үндеді . Сондай-ақ, Елбасы баламалы энергетиканы дамыту болашағы туралы айтып берді.  Ал ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, аталған орталық келесі жылдан бастап толыққанды жұмыс істей бастайды .  

Соңғы жаңалықтар