Шенген визасы өзгереді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО ішкі істер кеңесі сейсенбі күні Шенген визасын қолдан жасауға жол бермеу мақсатында оның визалық жапсырмасының дизайнын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«20 жылдан бері айналымда жүрген қазіргі визалық жапсырма қолдан жасау мен алаяқтыққа байланысты оқиғаларға тап болды», - делінген ЕО Кеңесінің хабарламасында.

Жаңа Шенген визасының дизайны мынадай болады:

Жаңа ережені Еуропарламент мақұлдап, ЕО Кеңесі шілде айының басында қол қояды деп күтілуде. Кейін ЕО-ның ресми журналында жарияланатын болады. 

Соңғы жаңалықтар